Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Күдебаевтың қай елде жүргені белгілі болды

Серік Күдебаев ұсталған жағдайда, негізгі жазасынан бөлек, тағы 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлады Paryz.kz.

Күдебаевтың қай елде жүргені белгілі болды
Фото: sputnik.kz

КТК телеарнасының мәліметінше, қазір генералдың Солтүстік Кипрде жүргені туралы ақпарат тарап жатыр. Ал ол ел мен Қазақстан арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім жоқ дейді заңгерлер.

«Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Косово және Солтүстік Кипрді жатқызуға болады. Себебі, бұл мемлекеттермен екіжақты келісімшарттар жоқ. Олар бізге қылмыскерді ұстап беруге міндетті емес»,  – дейді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Сонымен қатар үйқамақта жүрген Күдебаевты көзден таса қылмай қадағалау керек болған қызметкерлерге де заң бойынша 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Күні кеше сот генералдың 23 наурызда Қырғызстан арқылы Түркияға өтіп кеткенін растаған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның шекарадағы бақылау-өткізу пунктінің ешбірінен өтпегенін хабарлады. Қазір қашқын генералды іздеумен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен прокуратура айналысып жатыр.