Ақтөбеде полиция бөлімі басшысына қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Ақтөбе облысы ПД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасады деген күдік бойынша Ақтөбе қаласы № 3 полиция бөлімі басшыларының біріне қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.
«Полиция қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты сенім телефоны арқылы хабарлауға болады: 8/7132/52-16-91. Анонимділікке кепілдік беріледі.», - делінген хабарламада.