Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Астанадағы элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, - деп хабарлайды 

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: stan.kz

Нұрмағамбетовтың айтуынша, Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді, ол жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұстаумен айналысқан. Жүйелі түрде қылмыстық жолмен табыс табу үшін күдіктілер астананың элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінен 3 пәтер жалдап, онда притон ұйымдастырған.

"Қылмыскерлер өз қызметін аса құпия ұстау үшін тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен байланыс орнатып, полиция рейдтері туралы ескерту жасау жайында келісім жасасқан. Рейд жүріп жатқанда олар дереу жалдамалы пәтерлерден кетіп қалып отырған", - деді Нұрмағамбетов.

Интимдік қызметке қажетті қыздар массаж салонында жұмыс істеу туралы жарнама арқылы тартылған. Бірақ сұхбат барысында оларға 50/50 шартымен жезөкшелікпен айналысу ұсынылған. Осындай келісім жасалғаннан кейін әр қызға жұмыс кестесі белгіленіп отырған.

Ұйымдастырушылар криминалдық бизнестен күн сайын орта есеппен 1 миллион теңгеге дейін алып отырған. Полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін 11 адамды анықтаған. Тінту барысында 20 мың АҚШ доллары, 156 мың Ресей рублі және 720 еуро сомасында ақшалай қаражат тәркіленген.

"Осы факт бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, притон ұстау және жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталды, екеуі қамауда, қалғандары қолхатпен босатылды", - деді ІІМ өкілі.