03.04.2023, 09:00

8 жылға сотталған Боранбаев күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Halyq Uni

Қайрат Боранбаев сот үкіміне қатысты пікір білдірді. Оның мәлімдемесі әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп жазады paryz.kz. 

«Астананың Сарыарқа аудандық соты маған, Роман Нахановқа және QazaqGaz басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзаққа қатысты үкім шығарды. Біз кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталдық. Соттың шешіміне апелляциялық шағым түсіремін.

Маған және менің отбасыма қолдау көрсетіп жатқандарыңызға көп рахмет! Біз бұны көріп отырмыз, біз үшін өте маңызды! Бұл соңы емес. Мен жеңілмеймін. Әділдік жеңетініне сенемін!» – деп жазды ол әлеуметтік желіде.