Қазақстанда 1 сәуірден бастап бірқатар өзгеріс болады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Көлік салығын төлеудің соңғы күні
Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеуі 2023 жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізілетінін еске салды. Комитет мәліметінше, көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналастырылған салық калькуляторының көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында есептеуге болады. Сонымен қатар, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберілетін болады.
Есептелген салық сомаларын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының "Электронды сервистер" - "ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі" сервисінде, сондай-ақ "Каспий банк" АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.
1-сыныпқа қабылдауға құжат тапсыру басталады
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Білім беру мемлекеттік қызметі электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталында және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.
1 сәуірден бастап бензин мен дизель отыны бағасы көтеріледі
"Ақ Жайық" мәліметінше, Атырауда 1 сәуірден бастап бензин мен дизель отынының бағасы көтеріледі. Бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған. Оған сәйкес АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағасы литріне 6-7 теңгеге, дизель отынына – 12-14 теңгеге өседі. Атырау МӨЗ 92-ші бензинінің литрінің бағасы қазіргі бағадан 182-185 теңгеден жоғары, Павлодар ПМХЗ бензині үшін – төмен.
Сондай-ақ, мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге қатысты жаңа талаптар қабылданды, олар қазір мұнай базасының меншігінде болуы немесе оларды кемінде 1 жыл мерзімге жалға алуы қажет.
Алматының 39 көшесінде жаңа шам пайда болады
Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев көшені жарықтандыру мәселелерін көтерді. Қала басшысы 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрксіб ауданының 100 ішінара жарықтандырылмаған көшесінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады. 61 көшеде жарық қосылған, қалған көшелердің жұмыстары 2023 жылдың сәуір айында аяқталады.
Наурыз айында ұзындығы 7,5 шақырым болатын 2 магистралды көшенің сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Тұрғындардың өтінімдері бойынша осы жылдың соңына дейін "Әлмерек", "Нұршашқан", "Жас қанат" шағын аудандарында, Енисейская, Баканская және т.б. көшелерде 80 учаске бойынша қосымша сыртқы жарық желісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.
Көлеңкелі айналымды қысқарту және салықтар бойынша шығындарды болдырмау үшін ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу енгізіледі
1 сәуірден бастап көлеңкелі айналымды қысқарту және салықтар бойынша шығындарды болдырмау үшін ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу енгізіледі. Бұған дейін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ерікті негізде 2020 жылғы желтоқсаннан бастап пилоттық режимде іске асырылған болатын.
ТІЖ-ді (тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды) ресімдеу шекарадан өткенге дейін (ЭЦҚ арқылы) электрондық түрде көзделген, бұл жалған тұлғаларға, жалған жүк алушылар мен жөнелтушілерге, банкроттарға, таратылған тұлғаларға және тағы басқа құжаттарды ресімдеу мүмкіндігін болдырмайды.
Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, іске асырылып жатқан жүйе тауарлардың шекара арқылы өтуін бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтар сәуірде қалай демалады?
Сәуірде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалады. Айта кетейік, сәуірде Қазақстанда мемлекеттік те, ұлттық та мереке жоқ. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндерде - 20 жұмыс күні, 10 демалыс күн болады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 25 күн жұмыс істеп, 5 күн демалады.
Аңшылыққа байланысты не өзгереді?
1 сәуірден бастап экология және табиғи ресурстар министрінің "Аң аулау ережелерін бекіту туралы" жарлығының жаңа ережелері күшіне енеді.
Бұйрықпен бекітілген аң аулау қағидаларында:
- аң атыс қаруымен ауланса, адам 21 жасқа толуы;
- егер аң аулау осы ережеде рұқсат етілген басқа да аулау құралдарының түрлерін, аңшылық иттер - мен аңшылық жыртқыш құстарды қолдана отырып жүргізілсе, адам 14 жасқа толуы;
- бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігінің болуы;
- жануарлар дүниесін пайдалануға арнайы рұқсат алу.