Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан қуып жатқаны рас па – СІМ жауабы

«Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан шығарып жатыр». ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмыстан қуып жатқаны рас па – СІМ жауабы
Фото: azattyq-ruhy.kz

Әлеуметтік желіде «екі қазақстандықтың Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өту оқиғасынан кейін сондағы отандастарымызды жұмыстан шығара бастады» деген ақпарат жарияланды.

«Бұл – жалған ақпарат», - деп жауап берді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ СІМ ресми өкілі Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен екі қазақстандықтың тағдырына қатысты жергілікті полициядан хабар күтіп отырғанын жеткізді.

Еске салсақ, осыдан бірер күн бұрын екі отандасымыз Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан, аталған елге заңсыз кіріп кеткен еді. Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, көп ұзамай оның біреуі ұсталып, екіншісіне іздеу салынды.

Айта кетсек, екі қазақстандықтың әрекеті Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланғаны айтылды. Кейін белгілі болғандай, Инчхон әуежайынан қашып кеткен екінші қазақстандық полицияға өз еркімен берілген.