Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші сетте Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түсті. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасып, екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.