Алматыда тағы да жер сілкінді

Еске сала кетсек, 11 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 4:05-те қала маңында жер сілкінісі тіркелген болатын.

Алматыда тағы да жер сілкінді
фото: ашық дереккөз

22 желтоқсанда таңертең Алматы уақытымен сағат 7:01-де қаладан оңтүстік-батысқа қарай 977 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады paryz.kz.

 

"Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 977 шақырым қашықтықта, Қазақстан территориясында тіркелді", - делінеді БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалары желілерінің хабарламасында.

 

Зілзаланың энергетикалық санаты - 11.0.

Магнитудасы - MPV 4.8.

Ошақтың координаты - 36.63° с.е. 69.31° ш.б.

Тереңдігі - 60 шақырым.

Сезілуі туралы мағлұмат (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Еске сала кетсек, 11 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 4:05-те қала маңында жер сілкінісі тіркелген болатын.