Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Алматы – алманың отаны»: шетелдік блогерлер танымал YouTube-арнасында Алматы туралы ролик шығарды

Танымал араб-израильдік видеоблогер Нусейр Ясиннің шығармашылық командасы Алматыға келіп, қаланың ең танымал символы – алма туралы ролик түсірді. Видео түрлі платформаларда, соның ішінде YouTube, Instagram, Tik Tok және басқаларында жарияланды. Жобаның жалпы аудиториясы 60 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды, - деп хабарлайды Paryz.kz.

«Алматы – алманың отаны»: шетелдік блогерлер танымал YouTube-арнасында Алматы туралы ролик шығарды
Фото: ашық дереккөз

News Daily арнасы түрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін және бүкіл әлем бойынша туристердің болуы тиіс бірегей орындарды көрсететін видеороликтерімен танымал.

Nas Daily командасы барлығы бес видеоролик түсіре алды, оның төртеуі Алматыға, біреуі Астанаға, сонымен қатар Алматы мен Қазақстанның мәдениеті, тарихы және басқа да ерекшеліктеріне арналған.

Команда мүшелері Қазақстанға сапарларының оң әсерімен бөлісті, олар тағамдардың көптігін, бай ұлттық дәстүрлері, қонақжайлылық пен табиғаттың сұлулығын атап өтті. Туристерге  Алматыға міндетті түрде келуге кеңес берді