24.03.2023, 14:34

Ақтөбенің тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Фото: inform. kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Ойыл ауданы әкімдігінің сайтында 20 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазылған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзі басқарады. Ал, облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда 11 үйді су басқан.

«Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. 2 үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ», - деп хабарлады облыс әкімі баспасөз қызметі.