Отандық әнші Ерке Есмахан биылғы жылдың басында өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шықты. Өнер иесі өзіне жазылатын теріс пікірмен қалай қарсы күресетіні жайлы Instagram парақшасында айтты, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушыларының бірі әншіден "Еркежен, өзіңе жазылған ауыр сөздерді қалай көтересің? Үйретші", - деп жазған.
Ал Ерке Есмахан оқырманға кеңесін бөлісті.
"Оны көтерудің керегі не? Жазған адам ұмытып кетеді. Ол адамға менің өмірім емес, өз өмірі - қызық, өз өмірі - уайым. Ал қатты ауыр сөз оқысам, бұл өмірдің жалған екенін есіме аламын. Әркім Алланың алдында өз сөзіне өзі жауап береді ғой деймін де, әрі қарай күліп жарқырап жүре беремін", — деп жауап берді әнші.