Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Кімдерге ораза ұстамауға болады?

Шариғатта созылмалы ауруға шалдыққан немесе шамасы келмейтін адамдарға Ораза ұстамауға рұқсат етіледі.

Кімдерге ораза ұстамауға болады?
Фото: stan.kz

Бұл туралы ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

"Підия деген нәрсе бар. Ораза тұтуға шамасы келмеген адам (береді - еск.). Тура түсіну керек. Підияны беріп, Ораза тұтпай қоямын деген нәрсе жоқ. Ораза кезінде адам үш сыныпқа бөлінеді. Бір адам дені сау, мүсәпір емес. Ұл ма, қыз ба, оған Ораза тұту - парыз. Екінші бір адам - ауру, уақытша ауру, тұмау. Ораза тұтса, ауруы күшейіп кетеді. Бұл адамға Шариғат рұқсат беріп жатыр. Сол күні аузын ашып, кейін Ораза тұта берсе болады. Жүкті әйел, емізулі әйел - бәрі осы сыныпқа кіреді. Ораза тұтуға шамасы келмейтін ата-әжеміз, созылмалы ауруға тап болған адамдар підия береді. Підия - ертелі-кеш бір адамды тамақтандыру. Жағдайы бар ауқатты адамға 3 мың теңге. Жағдайы келмей тұрғандар, ата-әжелеріміз, зейнетақыға қарап отырғандар пітір садақаны, яғни 535 теңгені 30-ға көбейтіп, соны берсе, олардың мойнынан түседі", - деді Сансызбай Құрбанұлы.

Айта кетейік, биыл Ораза 23 наурызда басталады.