Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Рамазан айында елордада тегін автобус қатынайды

Рамазан айына орай елордада бірқатар бағдарда тегін автобус қатынайды, деп хабарлайды paryz.kz. 

Рамазан айында елордада тегін автобус қатынайды
Фото: inform. kz

«22 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айында арнайы тегін бағдарлар ұйымдастырылады. Сізге ыңғайлы болу үшін бағдарлар тарауих намаз аяқталғаннан кейін қала мешіттерінен бірнеше бағытта жүреді», - делінген City Transportation Systems компаниясының Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Нақтырақ айтқанда, «Республикалық Бас мешіт» мешітінен жүретін автобус бағыты «Целинный» ықшам ауданы, Гребной канал, Республика даңғылы; «Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін автобус бағыты «Спутник» супермаркеті, темір жол вокзалы, «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы; «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін автобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, темір жол вокзалы, медициналық колледж; «Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін атвобус бағыты «Көктал-1, 2» тұрғын үй алабы, «Кирпичный» тұрғын үй алабы; «Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін автобус бағыты «Рахмет» сауда орталығы арқылы өтеді.