Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін ұзартты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 сәуіріне дейін», - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.