«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміз аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болатындықтан, алдағы үш күнде қазақстандықтарды ашық және жылы ауа райы күтіп тұр.
«Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төменгі атмосфералық қысым аймағымен бұлтты ауа райы басым болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады», - дейді мамандар.
Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы уақытына сәйкес болады.