Синоптиктер Қазақстанда Наурыз мейрамы күндері ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміз аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болатындықтан, алдағы үш күнде қазақстандықтарды ашық және жылы ауа райы күтіп тұр.
«Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында төменгі атмосфералық қысым аймағымен бұлтты ауа райы басым болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады», - дейді мамандар.
Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы уақытына сәйкес болады.