"Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз "южандарша" билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз...", - дейді Серік Абас-шах.
Белгілі продюсер, журналист Серік Абас-шах Facebook-тегі парақшасына қызының АҚШ-та тұрмысқа шыққанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.
Нақты айтқанда, продюсердің тұңғышы АҚШ-тың Аризона штатында тұрмысқа шыққан. Ал пандемияға байланысты, қос ғашықтың ата-аналары бұл қуаныштарына бара алмаған.
"Тұңғышым тұрмысқа шықты. Мұхиттың ар жағында өткен тойға онлайн қатысып, ақ батамызды бердік, ақ тілегімізді айттық. Екі жас бақытты болсын! Құдай қаласа, (құжат визаланса), бала-шаға мен туған-туысты ертіп, Аризонаның ыстығында екі қолды жайып, нағыз "южандарша" билеп-тойлап, дүрілдетіп қайтамыз ба деп үміттеніп отырмыз, келесі жылы", - дейді Серік Абас-шах.
Сонымен, қазір продюсердің тұңғышы Тоғжан Серікқызы Әділет есімді қазақ жігітінің жары атанып отыр.