Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Аяусыз ұрып-соққан": 14 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды

Алматы облысында аудандық ауруханалардың бірінде 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Баланың ата-анасы ұлын бір күн бұрын белгісіз адамдар аяусыз ұрып-соқты деп полицияға шағымданған, деп хабарлайды Paryz.kz порталы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аяусыз ұрып-соққан": 14 жастағы оқушы ауруханада көз жұмды
Фото: egemen.kz

13 наурызда жергілікті тұрғын Еңбекшіқазақ ауданының полициясына кәмелетке толмаған ұлына дене жарақатын салған белгісіз адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым түсірген.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша өтініштің келіп түскенін растады. Дәрігерлердің барынша көмегіне қарамастан соққыға жығылған оқушы келесі күні қайтыс болды.

Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, қажетті тергеу жүріп жатыр. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ. Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жасалады, - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Ведомство сонымен қатар сараптамалық зерттеу аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізілетінін айтты. Басқа ақпарат жария етілмейді.