Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам тұншығып өлді, – деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Баласын өз үйінен өлі күйінде тапқан анасы шұғыл Бурабай аудандық полиция бөліміне кезекші бөлімшесіне хабарлаған. Анасының «ұлын белгісіз біреулер өлтіріп кетуі мүмкін» деген күдігі басым болған.
Алдын ала белгілі болғанындай, қайтыс болған жігіт наркологиялық есепте тұрған. Дегенмен тексеріс барысында адам өлтіру дерегі расталмады.
Ер адам асқазан, тыныс жолдары аспирациясы, яғни өз құсығына тұншығып өлгені белгілі болды.