«Жөзекшелікті жарнамалайды»: Kyzdar.Net сайтының басшылары ұсталды

ІІМ республика аумағында 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті. Олар "Kyzdar.Net" интернет-сайты арқылы жезөкшелікке жарнама жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме

Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңге болады (орташа алғанда жылына 2 миллиард теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынған, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.

"Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы ақпартқа жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған. Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 миллион теңгеден аса ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды", - делінген хабарламада.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" деген 309-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.