Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматы қаласының әкімдігін нысанаға алған террористер сотталды

Бағыт берушінің тапсырмасымен әлгі күдіктілер "Тастақ" базарына барып, жарылыс жасауға қажетті заттарды сатып алған. Ол үшін олардың банк картасына 50 мың теңге аударылған...

Алматы қаласының әкімдігін нысанаға алған террористер сотталды
фото: дереккөз

Алматыда бірнеше жарылысты ұйымдастырмақ болған террористер сотталды, деп хабарлады paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жиһатшылар "MEGA", "Dostyk Plaza", прокуратура, әкімдік, Тәуелсіздік монументі, "ASI-барда" жарылыс ұйымдастырмақшы болған. Оның ішінде 30 жастағы Олдар С. исламды өз бетімен зерттеп, әскери қимылдарға қатысуға дайын болған. Ол өзін Солтүстік Кавказ содырларының радикалды уағыздаушысы, Бурят Саид ретінде танымал Александр Тихомировтың (2010 жылы наурызда терроризмге қарсы операция кезінде өлтірілген) идеясына адал деп санады. Ал Олдар С.-ға Абу Усман есімді шетелдік басшылық жасаған болып шықты. Алайда, тергеушілер оның нақты кім екенін анықтаған жоқ.

Telegram арқылы бағыт берушілер "MEGA Park", "ASI-бар", Тәуелсіздік монументін, Алматы әкімдігі ғимаратын, қала прокуратурасын, "Dostyk Plaza" сауда үйін суретке түсіруге тапсырма беріп отырған. Қаңтар айының ортасында Абу Усман Амирға діни таза адамдарға ант-су ішуді тапсырған. Сол сияқты Мырза Ж.-да оған уәде берген.

28 жастағы екінші сотталушы Алматыға жұмыс іздеп келген. Ақпан айында ол С. жалға алған уақытша тұрғын үйде тұруға көшеді. Күдіктінің адвокаты оның ант беруге және әртүрлі тапсырмаларды орындауға мәжбүр болғанын атап өтті.

Бағыт берушінің тапсырмасымен әлгі күдіктілер "Тастақ" базарына барып, жарылыс жасауға қажетті заттарды сатып алған. Ол үшін олардың банк картасына 50 мың теңге аударылған. Сондай-ақ, Telegram-ға бомбаның қалай жасалуы жөніндегі нұсқаулық жіберген. Алайда, террористер бомбаны жасап үлгермеген. 14 ақпанда оларды ҰҚК қызметкерлері ұстады.

Биыл 21 мамырдағы жан-жақты психологиялық-филологиялық дінтану сараптамасынан өткеннен кейін Абдувели О. және Қуаныш Д. атты тағы 2 адам 1 маусымда қамауға алды.

Бірінші инстанциядағы сот барлық 4 айыпталушыны 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды.