Мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды

Мектептерде үшінші тоқсан 17 наурызда аяқталады. Көктемгі демалыс биыл 18 наурыздан басталып, 26 наурызды қоса алғанда 9 күнге созылады.

Мектеп оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалатыны белгілі болды
Фото: aikyn.kz

Өткен жылы көктемгі демалыс 12 күн болды (2022 жылғы 19-30 наурыз).

Биылғы оқу жылында демалыс уақыты жалпы қысқарған.  Бұрын 30 күн болатын, биыл 25 күнді құрайды.

Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады.