Қазақстанда 2 ақпан - Ұлттық басылым күні мерекесі болып бектілуі мүмкін. Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін Ашық үкімет партолында көпшіліктің талқылауына түседі, деп хабарлайды Paryz.kz.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Ғ. Балаеваның 13 ақпандағы № 28-999 тапсырмасына сәйкес 2 ақпанды «Ұлттық басылым күні» деп атап өту ұсынылады»,- делінген қаулы жобасында.
Сондай-ақ,аталған құжатта 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні», 2021 жылдан бастап 1 қазан «Радио қызметкерлері күні» ретінде белгіленгені туралы жазылған.
«Бұл дәстүр БАҚ-тың маңыздылығын көрсете отырып, осы саладағы қызметкерлерді ынталандыра түседі. Ұлттық басылымның алғаш шыққан күнін ұлықтау Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді елдерде дәстүрге айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққан күнін тарихи маңызды датаға айналдырудың маңызы зор»,- делінген құжатта.