Қазақтың белгілі балуаны Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегері бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Ол 18-де емес, 2003 жылы дүниеге келді. Түнгі 12-лерде құрбысымен түнгі клубқа барған, сол кезде жанжал пайда болған. Бұл жерде бір ескеретін жайт бар. Ол - Тұрлыхановтың ұлы. Осыған байланысты мұндай дүрбелең шықты. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің баласы болса, ондай шу болмас еді. Әрине, оның қоғамдық жерде төбелесіп, күш көрсетіп, жұдырық жұмсағанын құптамаймын. Ол менен сол үшін "таяқ та жеді". Мен оған ақсақалдың секілді "Неге мені жерге қаратасың" деймін. Ол маған "Ол өзі" деп жауап берді. Енді бұл іспен тергеу органдары айналыссын", - дейді спортшы.
Дәулет Тұрлыханов бұл жағдайды білгеннен кейін ұлына қандай сабақ бергенін айтты.
"Мен білген бойда "таяқ жеді". Жастар мұны жасырады ғой. Біз де төбелестік. Жігіттің бәрі жас кезінде төбелеседі ғой. Бірақ бұл жағдайдан "әкең сондай адам екен деп" дау туғызу... Мен сияқты патриот аз. Мендей патриот тауып алсын. Әрине, қазақ жастарының мықты болғанын қалаймын", - дейді ол.
Спортшы балаларының қандай спорт түрімен шұғылданатынын, сондай-ақ, кенже ұлының уәдесін айтты.
"Ол дзюдомен айналысады, иә. Бірақ баламның бәрі спортпен шұғылданбайды. Үлкен ұлым жаттықтырушы болып жұмыс істейді, Алматыда жастарды жаттықтырады. Екіншісі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, спортпен, дзюдомен, де айналысқан. Қазір ол толығымен мемлекеттік қызметке көшті. Кенжем "Әке, мен енді мұндай жағдайға ұрынбаймын" дейді. Солай уәде берді.