Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Жасөспірімдер соққыға жыққан 49 жастағы ер адам мүгедек болып қалуы мүмкін

Есік қаласының дәрігерлері жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан Таутүрген ауылының 49 жастағы тұрғынының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер соққыға жыққан 49 жастағы ер адам мүгедек болып қалуы мүмкін
Фото: видеодан скриншот

Мамандардың сөзінше, жәбірленуші мүгедек болып қалуы мүмкін. Ол ауыр бас жарақатын алған, сонымен қатар 12 қабырғасы сынып, жүрегі, бүйрегі мен өкпесіне зақым келген. Қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жағдайы аса ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды. Науқаста жарақаттан кейін пневмония дамығандықтан, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Кеудесінде өкпеқап қуысы құрғатылды, дренаж орнатылды, антибактериалды терапия жүргізіліп жатыр", - деді Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы аудандық ауруханасы директорының орынбасары Диана Сүлейменова.

Ер адам есін жиған, бірақ тыныс алуы қиындағандықтан, сөйлей алмайды. Дәрігерлер оның кем дегенде екі апта ауруханада болатынын айтады.