Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

2021 жылдың наурызынан бастап QazСovid-in жаппай егіле бастайды

III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.

2021 жылдың наурызынан бастап QazСovid-in жаппай егіле бастайды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан азаматтары наурыз айынан бастап вакцинацияланады, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Премьер-министр Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына барды.

Денсаулық сақтау министрлігі 3 мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуын мақұлдады. Бүгінде алғашқы еріктілерге Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында ҒЗИ-дың отандық вакцинаcы егіле бастады. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін 3 мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылады.

"Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтарға және созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады", - деді А. Мамин.

Қазақстандық вакцина QazCovid-in деп аталады. Бұл инактивті вакцина және 2020 жылдың мамырында жасалған.