Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Түркістан облысы прокурорының өлімі: алдын ала себебі аталды

Түркістан облысы прокурорының өлімінің алдын ала себебі аталды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы прокурорының өлімі: алдын ала себебі аталды
фото: tengrinews.kz

Бас прокуратураның баспасөз қызметі Марат Әлихановтың өлімінің алдын ала себебі инфаркт болғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Түркістан облысының прокуроры жұмыс кабинетінде 9 наурызда қайтыс болған.

Ол 58 жаста еді.

Бұған дейін Бас прокуратура кенеттен қайтыс болған Марат Әлихановтың туыстары мен достарына көңіл айтты.

Еске салайық, Марат Әлиханов 2020 жылдың ақпанынан бастап Түркістан облысының прокуроры болған.