Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Дабыл: Теңіз кен орны екінші Чернобыль болуы мүмкін (ВИДЕО)

Қасым-Жомарт Тоқаев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі және мұнай-газ секторына жауапты өзге де өкілдерге қарата жасалған қысқаша видеоүндеуде осы жағдайдың жемқорлықтың салдары екені айтылады.

Дабыл: Теңіз кен орны екінші Чернобыль болуы мүмкін (ВИДЕО)
фото: azattyq.org

Төребек Сағындық атты желі қолданушы Facebook-тегі парақшасына Теңіз кен орнындағы қазіргі ахуал туралы видео жариялады. Онда биліктен мәселеге мән беруді сұраған мұнайшы апатты аймақтың Чернобыльдің күйін кешкелі тұрғанын баяндаған, деп жазды paryz.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі және мұнай-газ секторына жауапты өзге де өкілдерге қарата жасалған қысқаша видеоүндеуде осы жағдайдың жемқорлықтың салдары екені айтылады.

Кен орнынан шамадан тыс тасталып жатқан химиялық қалдықтар аймақты радиацияға ұшыратып тынатын түрі бар. Видео авторының айтуынша, біздің мамандар, өндіріс менеджерлері өз бетінше шешім қабылдап, апаттың алдын алу үшін не істеу керектігін білмейді. Білсе де жұмыс істегілері келмейтінге ұқсайды. Енді «Болашақ ұрпаққа не қалдырамыз?» деп налыған жігіт, Тоқаев бастаған шенеуніктерден өңірге тексеріс жүргізуді сұрап отыр.