09.03.2023, 10:36

АҚШ Bereke Bank-ті санкциялық тізімнен шығарды

Фото: stan.kz

Америка Құрама Штаттарының Қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Украинадағы жағдайдан кейін ресейлік «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншісіне өтіп, аты Bereke Bank болып өзгергені белгілі. АҚ Қаржы министрлігінің ресми сайтында осы Bereke Bank-тің санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы мәлімет шықты.

Нақтырақ айтсақ, Шетелдік активтерді бақылау басқармасының санкциялық SDN-тізімінен шығарылған.

Санкциялық тізімнен шығарылған Bereke Bank сайттағы құжатта төрт түрлі атаумен берілген: «Ресей Себрбанкінің еншілес банкі», SB SBERBANK, «Ресей Сбербанкінің еншілес акционерлік қоғамы және TEXAKABANK.

Былтыр «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Bereke Bank»-тің қордаланған шығыны мемлекет есебінен өтелмейтінін мәлім еткен еді.