Ахмедов екінші орта салмақта IBO әлем чемпионы титулына таласқан еді.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Голливуд қаласында өткен бокс кешінде қазақстандық Әли Ахмедов жеңіліс тапты, деп хабарлады paryz.kz.
Головкин-Шеремета андеркартында өткен жекпе-жек кешінде қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Әли Ахмедов 11 раунд бойы эквадорлық Карлос Гонгорадан басымдық танытқан болатын. Алайда, 12-раундта иек астынан ауыр соққы алған Әли нокдаунға түсіп қалды.
Дегенмен, тез ес жиып, жекпе-жекті жалғастырған Қазақстан боксшысы екінші мәрте де дәл сондай апперкоттан кейін ауыр нокаутқа түсті.
Осылайша, бұған дейінгі 18 айқастың барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгора IBO әлем чемпионы титулын жеңіп алды.