Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталды

Бүгін елімізде жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау басталды, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталды
фото: tengrinews.kz

Жеке тұлғаларға арналған банкроттық қызметі бүгіннен бастап eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.

Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш беруді көздейді.

2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" ҚР Заңына сәйкес eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады.

Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:

  • ҚР-ның жоғарыда аталған Заңында көзделген азаматты банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;
  • некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;
  • несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;
    салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;
  • АӘК алушы болса, белгі қою;
  • егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;
  • өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою;
    өтінішті жібергеннен кейін өтініш берушінің жары Жеке кабинетте өтінішті мақұлдайды.

Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді ҚР ҚМ сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.