Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Наурызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК наурызда Қазақстан бойынша ауа райы қандай болатынына болжас жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Наурызда ауа райы қандай болады?
Фото: TSN.ua

Синоптиктер болжамынша, көктемнің бірінші айында ұзақ уақыт болған аяз көптен күткен жылуға ауысады, орташа айлық ауа температурасы Қазақстан Республикасының басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, еліміздің солтүстік-батысында норма шамасында болуы мүмкін.

Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батыста норма шамасында болады.

«Наурыз айы тұрақсыз ауа райымен басталады. Баренц және Карск теңіздер аудандарынан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өтіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын және жылбысқы қар жауады. Солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай болуы мүмкін. ҚР облыстарының басым бөлігінде көктайғақ болып, жел 18-25 м/с дейін күшейеді», - делінген хабарламада.

Наурыздың басында солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 0-5°С, күндіз -2+5°С, оңтүстікте түнде -3+10°С, күндіз +13+20°С-қа дейін жоғарылауы ықтимал. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында Батыс суық антициклонының әсерінен ауа температурасының түнде -5-12°С, күндіз 0-8°С-қа дейін аздап төмендеуі мүмкін. Қазақстан республикасының қалған аумағында 03-04 наурызда ауа температурасы:

  • солтүстік жартысында түнде -10-18°С, күндіз -3-10°С-қа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде 0-8°С, күндіз +5+13°С-қа дейін төмендейді.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында республика аумағында қайтадан тұрақсыз ауа райы болады. Бұл Батыс циклондарының ықпалымен және Оңтүстік Каспий циклонының шығуымен байланысты. Жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауып, күндізгі ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауы байқалатын болады. Солтүстік жартысында күндіз -2+5°С дейін, оңтүстік жартысында +17+22°С дейін жоғарылайды. Ауа температурасының тағы бір төмендеуі Батыс антициклонымен байланысты онкүндіктің соңында болжанады.

Екінші онкүндіктің басында ҚР басым бөлігінде Иран жақтан келетін жылы ауа массаларының ықпалымен жылы және жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз солтүстік жартысында +3+10°С дейін, оңтүстік жартысында +18+25°С дейін жоғарылайды.

«Наурыздағы ауа райы құбылмалы. Бұл осы айға тән, қар еру көбінесе аязды күндермен алмасуы және қысқы боран әлі де болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Екінші онкүндіктің кей күнінде суық арктикалық ауа массалардың енуі салдарынан ауа температурасы:

  • солтүстік өңірлерде түнде -15-23°С, күндіз -5-10°С-қа дейін;
  • еліміздің батысында, орталығында, шығысында түнде -13-18°С, күндіз 0-5°С-қа дейін; 
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде -2-10°С, күндіз 0+5°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Республикада нағыз көктемгі ауа райы айдың үшінші онкүндігінде болады. Еліміздің оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз біртіндеп +15+25°С-қа дейін, солтүстік жартысында ауа температурасы +3+12°С-қа дейін жоғарылайды.