Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан.
"Неке және отбасы туралы" Кодекстің 17-бабына сәйкес, неке кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана АХАЖ органында тікелей бұзылуы мүмкін. Балалар мен мүліктік дауларда ерлі-зайыптылар сот арқылы ажырасады.
"Азаматтар екі жақты келісім бойынша некені бұзуға өтініш білдірген кезде, өтініш берушілер некені бұзудың негізгі себебі ретінде көбіне "мінездің ұқсамауын" көрсеткен", - делінген хабарламада.
"АЖ АХАЖ" ақпараттық жүйесінің 2013-2020 жылдардағы мәліметтері бойынша ажырасу динамикасы төмендегідей:
2013 жылы – 51 305 ажырасу; 2014 жылы – 54 438 ажырасу; 2015 жылы – 53 007 ажырасу; 2016 жылы – 51 775 ажырасу; 2017 жылы – 54 948 ажырасу; 2018 жылы – 54 859 ажырасу; 2019 жылы – 59 899 ажырасу; 2020 жылы – 58 466 ажырасу. 2021 жылдан бері ажырасу санының азайғаны атап өтіліп, 2021 жылы 51 950 ажырасу, 2022 жылы 51 220 ажырасу тіркелген.