Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор 28 ақпан күні өткен сотта Алматы облысы полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін хабарланғандай, Алматы облысы полиция департаментініңі бұрынғы басшысына тағылған айыптардың бірі – қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде оның әкімшілік ғимараттан ғана емес, Талдықорған қаласынан да кетіп қалуы.

2022 жылғы 13 мамырда Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы "ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік" бабы бойынша күдікке ілінді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.