28.02.2023, 11:57

Елімізде ауа райына байланысты 4 облыста жол жабылды

Коллаж: Azattyq Ruhy

Елімізде ауа райының қолайыздығына орай 4 облыста жолдар жабылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, 28 ақпанда сағат 10:45-тегі ақпаратқа сәйкес 4 өңірде ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысы бойынша:

Ақтөбе – РФ шекарасы тасжолының Ш.Қалдаяқова ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрі үшін); Ақтөбе –Мәртөк – РФ шекарасы тасжолының ЭкоОйл - РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрі үшін); Самара-Шымкент тасжолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы – Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрі үшін);

Қостанай облысы бойынша:

Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолының Әулиекөл ауылы – Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін); Қостанай – Әулиекөл – Сурған тасжолы Октябрьское ауылы – Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрі үшін); Екатеринбург – Алматы тасжолы Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша (барлық көлік түрі үшін):

Екатеринбург – Алматы тасжолы Қостанай облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы арасы; Жезқазған – Петропавл тасжолы Ақмола облысы шекарасы – Новоишимское ауылы арасы; Волошинка – Сергеевка – Тимирязево тасжолы Сергеевка ауылы – Тимирязево ауылы арасы; Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы Тимирязево ауылы – Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін):

Самара – Шымкент тасжолының Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы арасы жабық.