Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға ресми сапармен келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Астанаға ресми сапармен келді
Фото: state.gov

Ақ үй өкілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездеседі. Сонымен қатар Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматында кездесуі жоспарланған.

Дүниежүзілік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков Энтони Блинкеннің Қазақстанға сапары күрделі геосаяси жағдайда өтіп жатқанын және Орталық Азия аймағындағы елдерге ынтымақтастықтың көптеген негізгі мәселесін, соның ішінде экономикалық ынтымақтастық пен Ауғанстандағы дағдарысты талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ауғанстан мәселесі үнемі назарда қалып отыр. Оның үстіне қазір Ауғанстан аса өзекті гуманитарлық дағдарыспен бетпе-бет келді, кедейлік пен аштық мәселесі күн сайын шиеленісіп барады. Бұл жерде Қазақстанның да өз ойы бар. Мысалы, Алматыда Ауғанстанға көмектесетін Қазақстандағы гуманитарлық хабты ұйымдастыру идеясы болды. Меніңше, келіссөзде ауған мәселесі басты назарда болатын сияқты», - деді Дүниежүзілік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабеков.