Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Алматы облысының тұрғыны екі ұлымен бірге өз үйінде тірідей жанып кетті (ВИДЕО)

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылында үйде шыққан өрттен 40 жастағы ер адам мен оның екі кішкентай ұлы тірідей жанып кетті. Оқиғаға қатысты облыстық ТЖД пікір білдірді. 

Алматы облысының тұрғыны екі ұлымен бірге өз үйінде тірідей жанып кетті (ВИДЕО)
фото: pixabay.com

Оқиға баяндалған хаттың үзіндісін Facebook-те журналист Серік Әбікенұлы жариялады. Жазбаға сәйкес, тұрғындар өрт сөндірушілерді дер кезінде шақыра алмаған.

"Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кепебұлақ ауылында жантүршігерлік қайғылы жағдай болды. Үйде шыққан өрттен әкесі мен кішкентей екі періште баласы тірідей жанып кетті. Тұрғындар уақытында көмек шақыра алмаған, өрт сөндірушілерге хабар бере алмаған. Неге дейсіз бе? Ауылда ұялы байланыс жоқ", - делінген журналисттің жазбасында.

Сондай-ақ онда ауыл тұрғындары ұялы байланыс мәселесін он жыл бойы көтеріп келе жатқаны айтылған. 

"Алматы облысы ТЖД кезекші бөлім пультіне 24 ақпан сағат 18:28-де Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылы Сағабай көшесі бойында жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан көлемі 72 шаршы метр уақытша тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері барды. Ауыл мен оған ең жақын орналасқан Шонжыдағы 6 өрт сөндіру бөлімінің ара қашықтығы - 100 километр. Келгеннен кейін өрт орнында 1983 жылы туған үй иесінің және оның 2017 және 2019 жылы туған екі ұлының денесі табылды", - дейді облыстық ТЖД өкілі. 

Цифрлық даму министрлігі әзірге бұл іске қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.