Алматыдан 279 км қашықтықта болған жер сілкінісінен қалада 2 балдық тербеліс сезілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісінің ақпаратына сәйкес, бірінші жер сілкінісі 27 ақпанда Алматы уақытымен 03.42-де тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.
«Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында 05.58-де тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.
Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.
Айта кетсек, 26 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:59-да Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.