Қазақстаннан Түркияға тағы киіз үй жөнелтілмек

Қазақстаннан Түркияға тағы киіз үй жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстаннан Түркияға тағы киіз үй жөнелтілмек
Фото: Azattyq Ruhy

“Қазір Кахраманмараш қаласында Қазақстан мен Қырғызстанның еріктілері жіберген киіз үйлер орнатылды. Сондай-ақ, Алматыдан 100-ге жуық киіз үй жөнелту жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Бұл біздің елшілік арқылы өтетін адамдар ғана. Мүмкін, өзге адамдар  жіберетін басқа киіз үйлер бар шығар. Себебі, бұл жұмысты барлығы өз еркімен жасап жатыр",- деді  Уфук Екиджи.    

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияда 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.