Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Вице-министр мектепке балтамен барған баланың қамауға алыну себебін түсіндірді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавлда мектепте оқушыларды балтамен ұрған жасөспірімнің қамауға алыну себебін түсіндірді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Вице-министр мектепке балтамен барған баланың қамауға алыну себебін түсіндірді
© Informburo.kz

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жасөспірім қамауда отыр.

"Анасы баланың өкілі ретінде танылды. Ол бала қамауда отыр. Заң бойынша аса ауыр қылмыстар үшін қамауға алу шарасы қарастырылған. Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы және ол қылмысқа не себепті барғаны анықталады", - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетері, 13 ақпан күні Петропавл қаласының 4-орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады.

Ол психиатриялық есепте тұрған. Жасөспірім ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.