Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде 23 ақпанда қазақстандық 8 спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 1/8 финалдық сатысында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалоловтың жекпе-жегін жанкүйер асыға күтеді.
Сондай-ақ, бүгін әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов бірінші кездесуінде сербиялық Артем Агеевпен жолығып отыр.
Ел құрамасынан төрт боксшы күндізгі (17:00 ), төртеуі кешкі (22:00) сессияда шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшылардың ойын кестесі:
Күндізгі сессия:
51 келі. Кенже Мұратұлы - Бишвамитра Чонгтхам (Үндістан)
57 келі. Оразбек Асылқұлов - Луис Оливейра (Бразилия)
80 келі. Бекзад Нұрдәулетов - Артем Агеев (Сербия)
92 кгелі Абзал Кұттыбеков - Артем Иорданян (Грузия)
Кешкі сессия:
48 келі. Ернұр Қайрат - Лука Кублашвили (Грузия)
67 келі. Темірхан Тезек - Бехзод Хамидов (Өзбекстан)
86 келі. Бекзат Таңатар - Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев - Баходир Джалолов (Өзбекстан).