Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ресей Ұлттық ұланының Саратов әскери институтында оқитын курсанттың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлауынша, 19 ақпанда Саратов әскери институтында ҚР Ұлттық ұланының 3-курс курсанты қайтыс болды.
"Ол 2020 жылы "Арыстан" мамандандырылған лицейін бітірген соң, іріктеуден өтіп, Ресей Ұлттық ұлан әскерлерінің Әскери институтына "Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша оқуға жіберілді", - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Ресей гвардиясы департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу болып жатқанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.