Астанада мас ер адам бейтаныс әйелге шабуыл жасаған

Астанада мас ер адам бейтаныс әйелге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астанада мас ер адам бейтаныс әйелге шабуыл жасаған
Фото: ашық дереккөз

Сағат 00:35-те “102” арнасына 47 жастағы әйел хабарласып, Тұран даңғылындағы үйдің ауласында белгісіз бір ер адам артынан келіп, бұзақылық оймен оны шошытқанын айтқан. Оқиға орнына дереу патрульдік жасақ пен жедел-тергеу тобы жіберілді. Полицейлер жергілікті жерді пысықтап, бейнебақылау камераларын қараған. Қабылданған шаралар барысында кезекші тәулікте 30 жастағы ер адам анықталды, ол шабуыл жасаған кезде мас болғанын мойындады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.