Астанада жаппай төбелес болды

Астанада полицейлер төбелесті тоқтатты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Астанада жаппай төбелес болды
фото: sputnik.kz

"18 ақпан полицияға Қошқарбаев даңғылы бойындағы үйдің жанында жастар арасында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың барлығы Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.