Шымкент қаласын су басып жатыр

Құтқарушылар мен қала қызметтері түні бойы Шымкенттің су басқан көшелерінен суды соруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласын су басып жатыр
Фото: Ulysmedia.kz

Жаңбыр нөсерлеп жауғандықтан, жұмыс таңертең де жалғасқан. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, барлығы 2500 текше метрден астам су сорылған.

«Қазығұрт» ықшамауданында Бөгенбай көшесінің бойында және Темірлан тас жолы бойындағы көшелерді су басқан.

«Қаланың коммуналдық қызметтерімен бірлесе отырып су шығарылды. Оған 87 техника, 65 мотопомпа, 173 адам жұмылдырылды. Жалпы 2508 текше метр су сорылып, 800 қап инертті материал төселді. Ешқандай факті жоқ. Нұртас ықшамауданында үйді-үйді су басудың алдын алу мақсатында инертті материалмен дайындалған қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілді», - делінген департамент хабарламасында.