17.02.2023, 16:54

Елімізде түрік құрылысшылары салған ғимараттар тексеріле ме? Скляр жауап берді

Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Әлі жоспарланбаған", - деп жауап берді Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін Румыния премьер-министрі Николае Чукэ Түркиядағы жер сілкінісі фонында елдегі түрік компаниялары салған ғимараттарды тексеруді тапсырған болатын.