Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Алматы облысында сотталған әйелді зорлаған түрме қызметкерінің өзі сотталды

 

Алматы облысының Іле аудандық сотында ЛА-155/4 мекемесі (қазір 10 мекемесі) бастығының бұрынғы кезекші көмекшісіне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап

Алматы облысында сотталған әйелді зорлаған түрме қызметкерінің өзі сотталды
Фото: sputnik.kz

Сот материалдарына сәйкес, түрме бастығының бұрынғы көмекшісі өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда жәбірленушінің сөзі және басқа да дәлелдер расталды. Сондай-ақ бірқатар сараптама жасалды.

«Іле аудандық сотының үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 2-бөлігінің 5-тармағы («Зорлау, адам қызмет міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау әрекеті»), сондай-ақ, 146-баптың 1-бөлігі («Азаптаулар») бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Оған қоса, белгілі бір лауазымдарды 3 жыл бойы атқаруға тыйым салынды», - делінген ресми хабарламада.

Түрменің бұрынғы қызметкері арнайы атақтан да айырылды. Соттің үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетері, бұл қылмыс 2021 жылы 10 маусымда жасалған. Үш баланың анасы перзентханадан бала ұрлағаны үшін түрмеге қамалған болатын. Сол жерде бір адамға ғана арналған камераға отырғызылады. Түрменің 41 жастағы қызметкері оның қолына кісен салып, зорлап тастаған.