Күллі әлем танитын Абай Құнанбаевқа немересінің әйелі сәлем салмаған. Ғылыми зерттеу орталығының өкілдері ақынның ұрпақтарына қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Телеарна хабарлауынша, 1927-1928 жылдары Абайдың ұрпақтары тарыдай болып шашылған. Оған себеп дәулетті адамдардың мүлкін тартып алған, сондай-ақ жиған тергендерін тартып алумен қоса, қуғын-сүргінге ұшыратқан. Кәкім Абайдың ұлы Тұрағұл Жамбыл облысына жер аударылған. Кейін Шымкентте қызының қолына келіп, өмірінің соңына дейін сол жерде болған. Оның қай жерде жерленгені белгісіз болып келген еді.
Мұхтартану орталығының зерттеушілері тас тауып, ол жерде Абай Құнанбайұлының төрт ұрпағы қайда жерленгені туралы ақпарат жазылған.
«Тұрағұл қызы Мәкен деген апамыз жазып кеткен. Тоқсаныншы жылдары жасалған. Осы жерде Абай атамыздың әулетінен төрт адам осы Шымкентте жерленгені туралы жазылған», – дейді «Мұхтартану» орталығының қызметкері Ақжол Қалшабек.
Келіні Камалия немересі Әубәкір мен ұлы тұрағұл Шымкентте жерленген.
«Абайдың жеті ұл үш қызынан қалған ұрпақтары аз. Өйткені барлығына қатты қысым көрсетіліп, саналы түрде қудалау жасалған»
Шымкенттегі Таңбалытаста Абайдың келіні Камалия жерленген. Оны Абай Құнанбайұлы өз қызындай көрген.
«Осы келінін өз қызындай көргені соншалықты, Абай атамыз келініне сәлем салдырмаған. Сен менің қызымсың, емін еркін жүре бер деген екен. Үлкендер қарсылық білдірген кезде, Абай атамыз тиіп тастаған екен», – дейді орталық қызметкері Әзімхан Исабек.
Таңбалы таста Абайдың тағы бір келіні Дәмежан мен немересі Әубәкір де жерленіпті.