2022 жылғы қыркүйекте із-түзсіз жоғалған Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева тірі табылды. Бұл туралы сәрсеніде LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі Халық үніне сілтеме жасап.
2022 жылғы 29 қыркүйекте 3 баланың анасы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында ауруханаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Жас келіншектің жоғалған күні Бейнеу – Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болды.
Әйелдің туыстары Жанияны іздеу үшін көпшіліктен және құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Алайда көп уақыт іздеу нәтиже бермеді.
Еріктілер әйелдің қалай табылғанын айтпаған.