Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды
Фото: ашық дереккөз

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін 13 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданған болатын.

«Атап айтқанда, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен айқындалады деген норманы көздейтін Конституцияның 46-бабы 4-тармағы алынып тасталды. Осыған орай, құқықтық негіздің жоқ екендігін ескере отырып, бұл заң жобасымен Конституциялық заңның күшін жою көзделеді», - деген еді Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.